Жетісу облысында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлерге тағзым» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Шара барысында жастар ұйымдарының өкілдері мен қала тұрғындары ағаш егіп, мектептердің ауласын абаттандырды. Оған еріктілер де атсалысты. «Бұл жай ғана сенбілік емес, бәрімізді ортақ мақсатқа біріктіріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын, жастардың бойындағы патриоттық рухты көтеретін жиын болды», - дейді ұйымдастырушылар.
Арнай Байжұрынов, «Жетісу жастары» КММ директорының орынбасары:
- Бүгін біз Дәнеш Рақышев атындағы №3 мектеп-интернат аумағында оқушылармен және экоклуб волонтерлерімен ағаштар отырғызып жатырмыз. Жалпы акцияның мақсаты – ол осы жастардың, оқушылардың, волонтерлердің экологиялық мәдениетін арттыру, екіншіден, осы ұлы жеңістің ардагерлерін, батыр бабаларымызды ұмытпай, солардың ерлігіне тағзым ету.
Тегтер #Жетісу облысы #Ардагерлерге тағзым #Таза Қазақстан #ЭкоакцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz