Көкшетауда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Бәйтерек» саябағы тазартылды, деп хабарлайды 24kz.
Экологиялық шараға «Аmanat» партиясы, жастар ресуртық орталығы, жоғары оқу орындарынан барлығы 100-ден аса адам қатысты. Олар демалыс орнын қоқыстан арылтып, айналасын ретке келтірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, саябақты ұқыпты ұстауға септігін тигізеді. «Сондықтан мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», - дейді белсенділер. Өңірде тазалық сенбіліктері әр апта сайын өтеді.
Ақманат Әлімбетова, «Amanat» партиясы оф атқарушы хатшысының орынбасары:
- Бұл жерде тазалық мәдениетін қалыптастыру халық арасында. Осындай әдемі, қыдырып жүретін, серуендеп жүретін жастарымыз, үлкен буын ағаларымыз жүретін осы саябақтарды және қаламызды жалпы таза ұстау.
Тегтер #Таза Қазақстан #Көкшетау #Бәйтерек #саябақ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz