RU
Толық нұсқаға өту

Экотуризмге қызығушылық артып келеді

07.10.2025, 18:30 348

Елімізде экотуризмге қызығатындар саны жыл санап артып келеді.

Отандастарымызбен қатар шетелдік меймандар да Қазақстанның көрікті жерлерін аралауға құмар. Әсіресе Алматы маңындағы шыңдар туристер арасында танымал. 

Журналист Назерке Абибулла Алматыға 2020 жылы көшіп келген. Содан бері түрлі шыңдарды бағындырып келеді. Алдымен 3 мыңдық биіктерді еңсерсе, биыл 4 мың метрге көтерілген. Тіпті Үлкен Алматы айналымы деп аталатын бірнеше күндік маршрутты да артқа тастаған.

Назерке Абибулла, экотурист:

- Жібек деген құрбым екеуміз төрт күн тауда жүрдік. 4-5 күн тауда қонып, екі қыз ғана қорықпай солай. Шымбұлақтан бастап тауды айналып, кәдімгідей алматының ар жағындағы тауларды айналып, қырғызстанмен шекаралас, сөйтіп үлкен алматы көлінен бірақ шықтық. сол сапарды, сол бағытты мен ерекше атап өтер едім.

Айтуынша, оның шыңдарға деген құштарлығы алғашқы альпиниадаға қатысқан соң оянған. Сол жерден жаңа достар да тауыпты. қазір тауға бірге шығып, жаңа биіктерді бағындыруды жоспарлап жүр. табиғи парктер де туристерге ыңғайлы болуы үшін экологиялық соқпақтар салып, инфрақұрылымды жаңғыртып жатыр. Он жылдық тәжірибесі бар әуесқой альпинист Досжан Балабекұлы бұл азаматтардың экотуризмге қызығушылығын арттырады дейді. 

Досжан Балабекұлы, фототілші, әуесқой альпинист:

- Соңғы мәліметтерді естуімше қазір түрген сайында, қаскелеңде және үлкен алматы шатқалында табиғи сиверс алмасының жолына апаратын соқпақтар салу, соған экологиялық соқпақтарды қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. және шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет тікелей ұлттық парктің тікелей өзінің қаржыландыруымен қонақүйлер салынып, сол жерге ауыз су тартылып, канализация жүргізілген. 

Қазір «іле-алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында 11 туристік соқпақ пен 3 кемпингтік аймағы абаттандырылған. жыл басынан бері мұнда келушілер саны артып, 800 мыңға жетті. Бірақ тау қателікті кешірмейтінін де ескерген жөн. сондықтан ауа-райына сай киініп, серуен уақытын алдын-ала жоспарлаған дұрыс. Сондай-ақ сенімді адамға жүретін жолы туралы ақпаратты айтып кеткен жөн. 

Назерке Абибулла, экотурист:

- Ол бағыт туралы ақпаратта қайда бара жатсың, кіммен бара жатсың, қашан шыға бастадың, шамамен қай уақытта сол жерге жетесің, және қай уақытта түсесің, егер көмек қажет болса кімге хабарласу керек, 109, құтқару қызметі деген сияқты. Сондай ақпаратты толтырып кету керек. 

Сонымен қатар тәжірибелі туристер тауға жалғыз шықпау керегін ескертеді. Себебі ондай жағдайда адамдарды құтқару қиынға соғады. Сондықтан қазір арнайы бұйрықпен қауіпті маршруттардың арнайы тізбесі бекітілген. 

Айнұр Қалиханова, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы:

- Азаматтық қорғау саласының уәкілетті органдарының аумақтық органдарына хабарлау қағидасы бекітілді. Бұл бұйрықтың негізгі мақсаты адамдардың, туристердің таулы аймақтарға шыққан кезде, спорттық жорықтарға шыққан кезде қауіпсіздіктерін арттыру. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу, іздестіру-құтқару жұмыстарын жылдам, тезірек ұйымдастыру болып табылады.

Қауіпсіздікпен қатар экологиялық мәдениетті де ұмытпағаны жөн. Мәселен, тауға шыққанда қоқыс қалдырмай, оны арнайы орынға тастаған дұрыс.

Серік Селеубайұлы, Әли Тұрғанбеков, Өрден Жарқын

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz