Өскеменде альпинизмнен Қазақстан чемпионаты өтетін учаскедегі жартас бетінен 100-ден аса жазу мен сурет анықталды.
«Вандализмге жол жоқ» экологиялық шара аясында жастар сол таңбаларды өшіріп, маңайын қоқыстан тазалап шықты. Акцияға альпинист, саяхатшы Вячеслав Орлов та қатысып, жастарға жол сілтеді. Ол осы жазда отбасымен Қатонқарағай, Марқакөл бағытында тасқа қасақана жазылған суреттерді өшіріп, вандализмнің өршуіне қоғам назарын аударған.
Вячеслав Орлов, балалар мен жасөспірімдер клубының жетекшісі:
- Отбасымызбен бірге далада қонып, Ескі Австрия асуындағы тау таста 80-нен аса жазу-таңбаны өшірдік. Осылайша көпке үлгі болдық. Тұрғындар қолдау білдірді. Енді қаладан 10 шақырым жердегі мына жартас бетіндегі жазу суреттерді де кетіруге тырысып жатырмыз.
Қорлан Туғанбаева, «Жастар рухы» Жастар қанаты ОФ төрағасы:
- Бүгінгі күні қоғам ортасында біздің рухани құндылықтарды қастерлеу ішкі мәдениетті қалыптастыру өте маңызды болып келеді, себебі өкінішке орай вандализм мәселесі өте қатты өршіп тұр,өзекті болып тұр, себебі соның салдарынан біздің түрлі тарих мәдени ескерткіштеріміз сәулет құрылыс нысандарымыз, жалпы табиғатымыз қоршаған ортамыз үлкен зардап шегуде.
Тегтер #Өскемен #Таза Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz