RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында төрт миллионнан астам көшет егіледі

09.10.2025, 23:00 355

 Абай облысында алдағы бес жыл ішінде 4 миллион қарағай көшеті егіледі.

Бұған бір миллиард теңге бөлінеді. Жобаны Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі қаржыландырады. «Halyk орманы» жобасының алғашқы кезеңі Семейде басталды.

Жобаның мақсаты - 2023 жылғы алапат өрттен кейінгі жасыл желекті қалпына келтіру. Бүгін 200 гектар аумаққа 810 мыңнан астам қарағай көшеті егілді. Экошараға мыңнан аса волонтер қатысты.

Сағынбек Шүңкеев, "Halyk" қорының директоры:

- Экология және табиғи ресурстар министрлігімен меморандумда біз тек қана Семей орманымен шектелмей, Іле-Алатау және Жасыл аймақ ұлттық паркімен жұмыс жасап келе жатырмыз. 

Игі шараға жастар белсене атсалысты. Солардың бірі медицина университетінің студенті Еңлік Саматова. Ол достарымен келіп, жауапты іске үлес қосқанын мақтан тұтады.

Еңлік Саматова, студент:

- 2023 жылы өрт апаты болды ғой. Содан кейін қайтадан көгалдандыру, жасылдандыру өте маңызды сәт. Бұл Семей халқы үшін де біз үшін де күшті рөл ойнайды деп ойлаймын өз басым. 

«Halyk орманы» жобасына қатысушылар ауа райының құбылуына қарамастан жұмысқа бір кісідей жұмылды. Егілген әрбір көшет болашақта жайқалған жасыл орманға айналады.

Қазыбек Әметов, "Семей орманы" табиғи орман резерватының бас директоры:

- Біздің Семей аумағының жоспары бойынша 70 пайыз приживаемость болуы керек. Біз қазір отырғызып жатқан орман көшеттерінің результатын 70-тен 90 пайызға дейін көреміз деген жоспар бар. 

«Halyk» қайырымдылық қоры 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Білім беру, балалар спортын дамыту және әлеуметтік қолдау салаларында түрлі қайырымдылық бағдарламаларын жасаған. Осы мақсатқа 85 миллиард теңге жұмсалды.

Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz