RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда республикалық акция аясында кезекті экошара өтті

09.10.2025, 23:49 420

Петропавлда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті экологиялық шара өтті.

Бұл жолы жастар ресурстық орталығының өкілдері мен «Аманат» партиясының мүшелері бірігіп, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағын күл-қоқыстан тазартты. Акцияға 30-дан астам ерікті қатысып, аумақты абаттандыруға өз үлестерін қосты. Шараның басты мақсаты – жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру. Өңірде экологиялық іс-шаралар әр апта сайын өткізіліп тұрады. Белсенділер қоғамдық орындарды тазалап қана қоймай, ағаш көшеттерін егіп, қаланың экологиялық келбетін жақсартуға атсалысуда.

Нариман Тоқсанбаев, жастар ресурстық орталығының қызметкері:

- Бүгінгі сенбілікке шығудың мақсатымыз – осы қаламызды жақсы жағдайда сақтап қалу. Және де оны дамыту. Және жастарға үлгі ретінде көрсетіміз керек. Мұндай істерді біз әрдайым өткіземіз. Әр жұма сайын 2-3 реттен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz