Мәжіліс депутаттары да экологиялық акцияға белсене қатысып, Астанада 140 түп ағаш екті.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық эко-акциясы аясында депутаттар мен мәжіліс апаратының қызметкерлері Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры жанындағы аллеяны абаттандыруға атсалысты. Жиынға арнайы қатысқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасы қарапайым сенбілік шеңберінен шығып, елді тазалық сақтап, табиғатты құрметтеу идеясының төңірегіне біріктіретін жалпыхалықтық қозғалысқа ұласқанын айтты.
Тегтер #Таза Қазақстан #мәжіліс #ағаш #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz