RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау жұртшылығы жаппай сенбілікке шықты

11.10.2025, 14:38 433

Бүгін Маңғыстау жұртшылығы жаппай сенбілікке шықты.

Ақтауда кең көлемде тазалық шарасы ұйымдастырылып, шағын аудандар іші абаттандырылды. Дәстүрлі шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагерлер, мемлекеттік және салалық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Осылайша 10 мыңнан астам адам «Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы игі шаруаға өз үлесін қосты.

Бұл №33 шағын аудан. Тұрғындар көшелерді қоқыстан тазалау, тал көшетін егуге таңсәріден білек түре кірісті. Өңір климатына төзімді жасыл желек тәжірибелік-ботаникалық бақтан жеткізілді. Игі іске атсалысқан көпшілік арасында өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай да бар. 

Амангүл Жайылханова, қала тұрғыны: 

- Көптеген талдар отырғызылды. Қала тазарып, теңіздің жағасы тазарды.  Сондай бір керемет шараға қатысып жүрміз. Адамдардың көңіл-күйі жақсы және де мен ойлаймын «Атадан балаға тал қалғаны» дұрыс. Тазалықты өзіңнен бастамасаң, тазалық болуы мүмкін емес. Сол себепті әркім тазалықты өзінен бастағаны дұрыс. 

Қала аумағына егілген жүздеген тал көшеті аптасына екі рет суарылады. Жас өскіндердің күтімін коммуналдық мекеме мамандары бақылайды. Бір қуантарлығы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында бүгін облыс бойынша 5 мыңнан астам тал көшеті егілді.

Нұрнияз Мұқанов, қала тұрғыны:

- Жастар мен кәрілер, еңбекке жарайтын адамдардың бәрі осыннан көрінеді, бұл қуанарлық жағдай. Бұл жастарды еңбекке баулу, отансүйгіштікке баулу. Патриоттық тәрбие бұл. Елің, жерің таза болса жүрегің де таза. Еліміздің тазалығын, жүректің тазалығын тілеймін. 

Дәстүрлі тазалық шарасы бұл жолы ерекше форматта ұйымдастырылды. «Достық» үйі алаңында арнайы тігілген киіз үйлерде қатысушыларға ыстық шай мен ас ұсынылды. Сенбілік соңында көпшілік жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады. 

Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz