RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда бес мың қарағай көшеті егілді

24.10.2025, 18:33 378

Талдықорғанда Республика күніне орай 5 мың  қарағай көшеті егілді.

«Таза Қазақстан» акциясы шеңберіндегі шараға негізінен ауыл шаруашылығы саласының студенттері тартылды. Сонымен қатар аймақты көркейтуге қоғамдық ұйым өкілдері және әкімшілік қызметкерлері де атсалысты. Қылқанжапырақты ағаштарды экологиялық бірлестіктердің бірі қала әкімшілігіне тарту етті. Енді коммуналдық мекемедегілер жасыл желекті тамыр жайып бой алғанша күтіп баптайтын болады. Айта кетейік, бұл тұқымбақ екі жыл бұрын жөнделіп, су және электр желісі жүргізілген болатын. 

Динара Бәкірова, қоғамдық бірлестік жетекшісі:

- «Жасыл болашақ» экоакциясына Тимур Елеусізов ұйытқы болды. Шара мемлекет басшысының Жолдауы аясында өтіп жатыр. Негізгі мақсаты  өскелең ұрпақты табиғатты қорғауға, туған жерін көгалдандыруға баулу болып отыр.   

  Ернат Бәзіл, Талдықорған қаласының әкімі:

- Өзіміздің үлкен бес паркіміз, 40 скверіміз бар. Аулалар бар. Соларға көшіреміз бе деп жоспарлап отырмыз. Осы 17 гектардан шыққан ағаштарымызбен осы Талдықорған қаласына түгел жүз пайыз  қамтиды деген сенімдеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz