AMANAT партиясының ұйымдастыруымен өткен шарада Қызылорда облысы Шиелі ауданы тұрғындары «Достық» аллеясын тазаласа, Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақтан және Көктан ата бұлақтарының басы күл-қоқыстан аршылды.
Қуаныш Сыздықов, AMANAT партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
- Арыс өзенінің бойындағы «Абылайхан» алаңында да тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Бұл алаң тарихи маңызы бар орын. Сондықтан оны әрдайым таза, әдемі күйде сақтауымыз керек. Біз осындай акцияларды қолдауға міндеттіміз.
Тегтер #таза бейсенбі #Экоакция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz