RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында жол жиегі қоқыстан тазартылды

13.11.2025, 22:21 372

Жамбыл облысында жыл басынан бері «Таза бейсенбі» акциясына үш мың адам қатысты. Олар 100 тонна қоқыс жинап, екі мыңнан астам ағаш еккен. «AMANAT» партиясының бастамасы облыстың 10 ауданында тұрақты түрде өткізіліп жатыр. 

Экологиялық шара бүгін Тараздағы «Ұлы дала» шағын ауданында жалғасты. 50 партия мүшесі жол жиегі мен арық атыздарды тұрмыстық қалдықтан тазартты. Ол бір гектар аумақтан екі тоннаға жуық қоқыс жинады.  

Дауыл Бейсенқұлов, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы:

- Мақсатымыз осы қаламыздағы, елді мекендердегі, ауыл арасындағы жолдарды тазалықпен қамтамасыз ету. Әрине, әлде болса да біздің тұрғындардың тазалыққа деген құштарлығы өз деңгейінде деп айта алмаймыз. Сондықтан барша тұрғындарды осы экологиялық мәдениетті сақтауға, қоршаған ортаны сақтауға белсене атсалысуға шақырамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz