RU
Толық нұсқаға өту

Алматы жастары экологиялық экскурсияға қатысты 

13.11.2025, 22:25 367

Алматы жастары қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу тәсілдерімен танысты. Жетісу ауданындағы шығармашылық Эко-хабта өткен танымдық экскурсияға қатысушылар экологиялық өнімдер мен жасыл технологиялар туралы ақпарат алды. 

Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау тақырыбында дәріс тыңдады. «Таза Қазақстан» жобасы аясында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жыл басынан бері қалада 70-тен астам экологиялық шара ұйымдастырылды.

Асылбек Сатаев, «AMANAT» партиясы жетісу аудандық филиалының төрағасы:

- Жастардың қазіргі қоғамда түрлі экологияға қатысты сауаттылығын арттыру - тұрмыстық қалдықтарды қалай пайдалану және оны қалай өңдеу мәселесіне тікелей байланысты. Мына қоқысты жәшіктерге қалай дұрыс тастау керек, осыған сай ұйымдастырылып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz