RU
Толық нұсқаға өту

Қалдықтарды қайта өңдеуге ₸185 млрд бөлінді

25.11.2025, 14:00 407

Қалдықтарды басқару жүйесін құру аясында 60 жоба мақұлданып, 22-сі жүзеге асты. Бұған ел қазынасынан алдағы бес жылға 185 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында белгілі болды.

Премьер-министр Экология министрлігіне әкімдіктермен бірге бөлінген қаржыны тиімді игеруді тапсырды. Қалдықтарды басқару жөніндегі тұжырымдама Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасының талаптарына сай әзірленген. Бұған сәйкес экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіптік, медициналық және өзге де қалдықтар тиісті түрде сұрыпталып, салада нақты бақылау мен болжам жасау жүйесі қалыптаспақ.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Аталған тәсіл Президентіміздің табиғатты аялау жөніндегі мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасының талаптарына сай келеді. Саланы цифрландыруға, қалдықтардың цифрлық есебін жүргізуге, олардың қозғалысын, жинақталуын және кәдеге жаратылуын бақылауға ерекше назар аудару керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz