Елдегі барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Бүгін Сенат отырысында депутаттар осылай деп судың сапасы мен санитариялық жағдайына назар аудару қажеттігін атады.
Палата отырысында депутаттар «1992 жылғы Шекарааралық су мен халықаралық көлдерді қорғау жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық мәселесі туралы хаттаманы ратификациялау» бойынша заңды мақұлдады. Қабылданған құжат су экожүйелерін қорғауға және сумен байланысты аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды қамтиды. Олар ауызсу көзі ретінде пайдаланылатын су ресурстарын ластанудан қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.
Тегтер #су ресурстары #су экожүйелері #Сенат #Таза Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz