RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтіледі

27.11.2025, 22:09 362

Қарағанды облысында 1 желтоқсаннан бастап қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтіледі.

 Өңірдің орман алқаптарын тәулік бойы патрульдер бақылауға алады. Жағдайды 18 мобильді топ пен бес жол бекеті қадағалайды. Сонымен бірге орман шаруашылығының аумақтық инспекциясы және полиция күнделікті рейдке шығады. Ағаштарды заңсыз кескендер қатаң жазаланады. Оларға табиғатқа келтірілген залал көлеміне қарай 60 мыңнан 700 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Ал аса көп көлемде ағаш кессе, қоғамдық жұмысқа тартылып қамауға алынады.

Темірлан Елубаев, Орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығының инженері:

- Бір күнгі қызық үшін  үйге жасанды шырша орнатуға болады. Қылқан жапырақты ағаштарды кеспеңіздер! Шырша мен қарағай өте баяу өседі. Әбден биік болып өсуі үшін шамамен 40 жыл кетеді. Сондықтан бар орманды сақтау, табиғатты аялау маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz