RU
Толық нұсқаға өту

Өскемен қоқыс полигонынсыз қалуы мүмкін

27.11.2025, 23:43 304

Өскеменде бір айдан кейін қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының пайдалану мерзімі аяқталады.

Оның қуаты бес жыл бұрын толық таусылған. Осы уақыт бойы өңірде жаңа полигонға жер учаскесін іздеу жүріп жатыр. Бірақ мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Енді жергілікті билік алдымен инвестор тауып қоқыс төгетін алаң емес, қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр. Егер тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігін сұрыптап, қайта айналымға жіберу мүмкін болса, болашақ полигонға қажетті жер аумағы да азаяды. Қазір экология басқармасы қолданыстағы, толып кеткен полигонның мерзімін тағы да ұзартуға құжаттар дайындап жатыр. Ал жаңа полигон мен қоқыс өңдеу зауытын алдағы үш жылда салу жоспарда бар.

Ақмарал Ерболова, табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы:

- Негізгі проблема бұл бізде инвесторларды табу, бұл дегеніміз полигон орнынан озық технологиясы бар зауыт салу. Швейцария, Россия, Қытай, Турция мемлекеттерінің технологияларын қарастырып жатыр. Бұл неге әкеледі бұл дегеніміз түскен қалдықтарды 95 пайызға дейін қайта өңдеуге әкеп соғады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz