Қоршаған ортаны қорғау - бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта «EcoQolday» бағдарламасы елде қайта іске қосылды. Бұл туралы «Жасыл даму» Акционерлік Қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов мәлімдеді. Жалпы былтыр Қазақстанда алғаш рет қалдықтарды басқару саласына 185 млрд теңге бөлінді. Ал бүгінде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша 61 жоба ұсынылды. Бұл 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрады. Сондай-ақ 93 миллиард теңге қаржыға 112 қоқыс таситын көлік пен 4 сұрыптау желісі алынды. Ал алдағы уақытта қуаттылығы жылына 395 мың тоннаны құрайтын 14 зауыт іске қосылмақ.
Нұржан Қабдолданов, «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Кәсіпкерлер тарапынан мұндай белсенділік бизнестің зор ынтасын көрсетуде. Нәтижесінде тұрмыстық қатты қалдықтарды басқаруға арналған инфрақұрылым қалыптасады, ол қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесін ағымдағы 25%-дан 40%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Тегтер #тұрмыстық қалдық #зауыт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz