Биылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін.
Осының алдын алу үшін тіршілік нәрін үнемдеу технологияларын ауыл шаруашылығына енгізу керек. Осылай деген Олжас Бектенов Үкімет отырысында су саласын цифрландыру жайлы сөз қозғады. Яғни цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында мемлекеттік органдарға жылдың соңына дейін жерүсті және жерасты су көздері туралы деректерді біріктіретін су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құруды тапсырды. Аталған жобаны іске асыру Ұлттық су балансының картасын қалыптастырып, гидрогеологиялық мониторингті жүргізуге мүмкіндік бермек.
Тегтер #цифрландыру #су ресурстары #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz