RU
Толық нұсқаға өту

Тұрғындар талабын орындаудың тиімді тетігі

14.01.2026, 16:31 242

«Таза Қазақстан» онлайн-платформасы іске қосылғаннан бастап 2 қаңтарға дейін елорда тұрғындары 3 600-ден астам өтінім жіберген.

Оның 3 305-і толық орындалды. Ал қалған өтінімдер бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады. Жергілікті халықты аумақтарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жол жөндеу, көгалдандыру және рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою мәселесі алаңдатқан. Телеграм чат барлық ескерту мен ұсынысты уақтылы қарап, қолайсыздықтарды азайтуға мүмкіндік берді дейді жергілікті билік. Сондай-ақ тұрғындармен жедел әрі ашық байланыс орнатуға мүмкіндік туғанын хабарлады.

«Таза Қазақстан» онлайн-платформасы 

Өтінім − 3 669

Толық орындалды − 3 305

Орындалып жатыр − 3

Қаралып жатыр − 61

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz