Талабын телеграм чатпен жолдайтын тұрғындар жылдан жылға көбейіп келеді.
2024-2025 жылдар аралығында TazaQazBot платформасына 36 мыңнан аса өтініш түсті. Бүгінгі дейін оның 33 мыңнан астам орындалып, 2,5 мыңы жойылған. Ал 10 өтінім әлі қаралып жатыр. 2026 жыл енді басталды. Соған қарамастан биыл тұрғындар 611 талап жолдап үлгерді. Оның 414-і орындалды, 174-і қаралу үстінде, 23-і жойылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, азаматтарды тазалық, абаттандыру, жарық және көктайғаққа қарсы шаралар алаңдатады. Тұрғын талабы сапасыз орындалса немесе формалды жауап берілсе шағым жасауға құқылы. Бұл мәселе бойынша биыл 15 шағым тіркелген.
Тегтер #Таза Қазақстан #чат бот #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz