RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында үш мыңнан астам жасөспірім «Жасыл ел» құрамында еңбек етті

14.01.2026, 16:51 275

Былтыр Ақтөбе облысында 3 мыңнан астам жасөспірім «Жасыл ел» жасағының құрамында еңбек етті.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, жасыл елдіктердің қатары артты. Олар ауыл-аймақты қоқыстан тазалап, ағаш егіп, саябақтарды абаттандырды. «Жасыл ел» штабының облыстағы өкілдері жаз бойы еңбек еткен оқушылармен кездесіп, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Жасөспірімдермен экологиялық мәдениет туралы пікір алмасты. Мысалы, тазалық сақшылары қатарында болған  №21 мектеп-гимназия оқушылары «Экопро» атты клуб құрды. Экобелсенділер мектеп ауласын көгалдандырып, сенбіліктер өткізеді. Сондай-ақ ескі заттарды кәдеге жаратып, жаңа дүниелер жасайды.

Айдана  Тұрышова, оқушы: 

- Біздің мектебізде «Экопро атты» экологияға бағытталған клуб жұмыс істеп жатыр. Біз түрлі қағазды жинап, сұрыптап, яғни пайдалы заттарды өңдеуге бағыттаймыз. Жұмыртқаның қалбырынан пуфик жасадық. Оны біз мектеп дәліздеріне қойып қойдық. Яғни керек емес заттардан жаңа бір зат ойлап тауып мектебімізге өз үлесімізді қосып жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz