RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында киік ауылдардың ішінде жайылып жүр

28.01.2026, 07:13 216

Атырау облысының Құрманғазы мен Исатай аудандарында киіктер ауылдың ішінде еркін жайылып жүр.

Мамандардың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында биыл қар қалың түскендіктен ақбөкендер осы жаққа ауп келген. Каспий теңізіне бет алған жануарлар жолай ауыл-ауылға да кіріп кетіп жатыр. Қазір Атырау облысының аумағына шамамен бір миллионға жуық ақбөкен келді, дейді аумақтық инспекция мамандары. Киіктерді тіпті қала маңынан да көруге болады.

Эльмира Құрманғалиева, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның бөлім басшысы: 

- Қазіргі таңда инспекция мамандары Атырау облысының Құрманғазы, Исатай аудандарында мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр. Киіктердің жағдайларына бақылау жасап, Аққыстау ауданына қарай бет алғаны анықталған. Инспекция мамандары сол аумақта мониторинг жұмыстарын жүргізіп, алдын ала мәліметтер бойынша Атырау облысы аумағына шамамен миллионға жақын киік жануары кірген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz