RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында үш экопарк салынады

10.02.2026, 21:36 359

Жетісу облысында биыл үш экопарк салынады.

Солардың бірі Сарқан ауданында ашылады. Сарқыраған өзен аңғарындағы «Қойтас» саябағының аумағы 15 гектар болмақ. Ал Текелідегі көпшілік тынығатын мәдени орын «Шеркесай» деп аталады. Талдықорған маңындағы «Тасбақа» тауы да енді қала тұрғындары көп баратын орынға айналады. Туристер 38 гектар жердегі   көне петроглифтер кешенін де тамашалай алады. Айта кетейік, аталған аумақтағы кен өндіру жұмыстары екі жыл бұрын қоғам белсенділерінің наразылығынан соң тоқтатылған болатын. Енді көктемде абаттандырылып, тиісті жұмыстар жүргізіледі. 

Ақжол Сырттанбеков, облыстық туризм басқармасы басшысының орынбасары:

- Жобалардың негізгі мақсаты өңірдің туристік әлеуетін арттыру. Экологиялық мәдениетті дамыту. Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз демалыс аймақтарын қалыптастыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz