RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандағы ауасы лас елді мекендер

18.02.2026, 15:50 180

Қазгидромет жүргізген талдаулардың нәтижесінде ауа сапасы нашар деп танылған елді мекендерге толығырақ тоқталайық.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аз ластанғандар қатарында Ақтау, Риддер, Семей, Көкшетау, Орал, Ақсай, Талдықорған, Атбасар бастаған жалпы саны 32 ауыл мен қала бар. Одан кейін ластанудың жоғары деңгейіне 27 елді мекен жатқызылыпты. Мұнда Өскемен, Жезқазған, Шымкент, Аягөз шаһарлары бар. Ал ауа сапасы өте қатты ауытқыған Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев, Абай, Ақтөбе, Алматы, Талғар, Түркістан қалалары және Шұбарши, Кеңқияқ кенттері мен Жанбай ауылы. 

Ластану деңгейі төмен:
Ақтау, Риддер, Семей, Көкшетау, Орал, Ақсай, Талдықорған, Атбасар, Щучинск, Қаратау, Жаңатас, Степногор, Балқаш, Саран, Қостанай, Рудный, Павлодар, Петропавл, Екібастұз, Ақсу қалалары, Әйтеке би, Бурабай, Бестөбе, Глубокое, Әуезов, Қордай, Састөбе, Төретам, Ақай, Бейнеу, Ақсу, Шиелі кенттері.

Ластану деңгейі жоғары:
Өскемен, Жезқазған, Атырау, Құлсары, Шымкент, Аягөз, Шемонаиха, Алтай, Жітіқара, Лисаков, Арқалық, Астана, Жаркент, Жаңаөзен, Қызылорда, Тараз, Шу, Қандыағаш, Арал, Хромтау, Кентау қалалары, Бөрлі, Қызылсай, Ганюшкино, Индербор Қарабалық кенттері, Мақат ауылы.

Ластану деңгейі өте жоғары:
Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев, Абай, Ақтөбе, Алматы, Талғар, Түркістан қалалары, Шұбарши, Кеңқияқ кенттері, Жанбай ауылы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz