Өскемен қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында жоба әзірленіп жатыр.
Бұл – кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені былтыр 100 күннен аса уақыт бойы метеорологиялық жағдай қолайсыз болып, мектептер мен оқу орындары қашықтан оқытуға көшкен еді. Сол уақытта облыс әкімдігі мен зауыттар келісімге келіп, өндіріс көлемін 40 пайызға азайтты. Нәтижесінде зиянды шығарындылар мөлшері де төмендеді. Қазір Экология министрлігі жаңа жоба әзірлеуде. Онда жеке секторды газбен қамтып, ірі зауыттардың маңын көгалдандыру туралы ұсыныс бар. Дегенмен бұл мәселе нақты әрі жүйелі шешімді қажет етеді. Өйткені 2025 жылдан бастап санитарлық-қорғау аймақтарының талаптары заңнамалық тұрғыда өзгерген. Эколог Дәулет Асановтың айтуынша, ең әуелі кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейту маңызды.
Дәулет Асанов, эколог:
- Жасылдандыру жұмыстары бұрын санитарлық қағидалармен бекітілген болатын. Кәсіпорындардың бәрі осы жұмысты жасап, жүздеген гектар жерді жасылдандыру керек болатын. Бірақ Денсаулық қорғау министрінің приказымен былтырғы жылдың декабрь айында осы талаптар күшін жойып қалды. Енді қазір кәсіпорындарды ешкім осы жұмысты жаса деп айта алмайды. Тек қана меморандум арқылы сұрауға болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Өскемен #экологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz