Павлодар облысында 58 ауылға су басу қаупі төніп тұр.
Қазгидромет дерегінше, биыл жауын-шашын мен ылғал мөлшері қалыпты деңгейден жоғары. Көпжылдық гидрологиялық талдау негізінде өңірдегі қауіпті учаскелер үш санатқа бөлінді. Баянауыл, Ертіс, Железин, Ақтоғай және Тереңкөл аудандары жоғары қауіпті аймақтар санатына кірді. «Қар астындағы мұздың қалыңдығы 22 мм-ге жеткен және бұл 2024 жылғы жағдайға ұқсас», дейді мамандар. Синоптиктер наурызда күн қалыпты деңгейден бір градусқа жылы болатынын болжайды. Облыстық жедел штаб құрылып, екі мыңға жуық адам, 769 техника, 21 жүзу құралы және 357 мотопомпа дайындалды. Инертті материалдар әзірленіп, бөгеттер нығайтылды. 22 мың адамға арналған 60 эвакуациялық пункт жасақталды.
Қайрат Шаймарденов, ТЖД бастығының орынбасары:
- Біз жер бедері төмен, су басу қаупі бар 58 елдімекенді бақылауға алдық. Жалпы бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз.Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бірге Ертіс және Ақтоғай ауданы аумақтарына бардық. Қар шығару жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта облыс көлемінде қарды сыртқа шығару жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Тегтер #Павлодар облысы #су басу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz