Бұған кәсіпорынның 40 мың текше метр зиянды газды ауаға таратуы түрткі болған.
Бұған дейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті зауытқа 6 миллионнан астам теңге айыппұл салған. Қаңтар айында ауадан алынған сынама нәтижесінде Тасқала ауылында, Хим-посёлок ауданында күкірт-сутегі деңгейі 17-ден 36 есеге дейін артқаны тіркелген. Кәсіпорын мұнымен келіспей, сотқа жүгінді. Әзірге зерделеу жұмыстары жүріп жатыр.
Асқар Жүсіпов, экология департаментінің басшысы:
- Мынау Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты булану алаңы бар «Тухлая балка» деген. Сол булану алаңының шет жағынан қолдан 500 диаметрлік труба салып, сарқынды суларды экологиялық рұқсатсыз жердің бедеріне төгу фактісі де анықталды. Заң бұзушылықтар бойынша іс-хаттама толтырылып, соттың қарауына жіберілді.
Тегтер #Атырау облысы #мұнай зауыты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz