Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасы жалғасады. Соның екінші кезеңін сала министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырады.
Су деңгейін Балтық жүйесі бойынша 44 метрге дейін көтеру көзделген. Яғни Көкарал бөгетін реконструкциялау керек. Осылайша, айдын аумағы 4 мың шаршы шақырымға шамалайды. Ал су көлемін 34 млрд текше метрге жеткізу жоспарланған. Айта кетсек, соңғы үш жылда мемлекетаралық келісімдерді қатаң сақтау нәтижесінде Солтүстік Арал теңізіне 6 млрд текше метрден астам су келді. Сөйтіп 18 млрд текше метрден былтыр 23 млрд текше метрге дейін артты.
Бекмұрат Қалимардан, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі басқармасының басшысы:
- Сонымен қатар министрлік Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Арал-Сырдария бассейнінің ирригация жүйелерін жаңғырту және автоматтандыру бойынша 160-тан астам жобалау-сметалық құжат әзірлеп жатыр. Бұл жұмыстар суды тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, үнемделген су көлемін Солтүстік Аралға бағыттауға жағдай жасайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Солтүстік Арал #экология #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz