Астанада экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосқан, үздік мектептер марапатталды. Бағдарлама «Таза табиғат – жарқын болашақ» атты тақырыптық көрмеден басталды.
Онда қал-дықтарды қайта өңдеу мен қайта пайдаланудың мүмкіндіктерін көрсететін жобалар ұсынылды. Шараға 300-ге жуық адам қатысты.
Бас қаладағы Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы ұжымының көңіл күйі тамаша. Себебі білім ордасы 1825 кг қоқысты сұрыптап өткізіп, бас жүлдені жеңіп алды.
Нұрлан Искаков, мектеп директоры:
- Ата-аналар болсын, оқушылар болсын пластиттерді жинап отырып, оларды сұрыптады, қақпақтарын жеке тастады. Оқушылар аталған сайыс барысында 4-5 айдың ішінде экологиялық мәдениетті қалыптастырды.
Жобаға бас аяғы 107 мектеп ұжымы қатысты. Нәтижесінде 12 тонна қалдық жиналып, олар қайта өңдеу зауыттарына жөнелтілді. Ал тазалыққа білек сыбана кіріскен білім ордаларына «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы утилизациялық төлем арқылы қаржы берді.
Нұржан Дүйсебайұлы, «Жасыл Даму» АҚ қоғаммен байланыс қызметінің басшысы:
- Қалдықтарды сұрыптауды экоқолдау қосымшасы арқылы сұрыптап, өткізуге болады. Бұл жобаның басты мақсаты – жас балалар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастайынан қалдықтарды дұрыс сұраптап үйрену. Сондай-ақ қосымша табыс табуға да мүмкіндіктері бар.
Тұрақты тазалыққа бағытталған жоба енді елдің 15 өңірінде жалғасын табады. Ерекше назар мектеп оқушыларын кеңінен қамтуға және экологиялық ағартудың жаңа, заманауи форматтарын енгізуге аударылады. Мамандар осылай дейді.
Авторы: Әлішер Әли
Тегтер #экомәдениет #мектептер #марапаттау #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz