Павлодарлық оқушыларға, аптасына бірнеше рет экологиялық сабақ өтеді.
Ұстаздардың айтуынша, туған жердің табиғатын танып-білуді балабақшадан бастау қажет. Балалар Наурызнама онкүндігі аясындағы Жаңару күні қоршаған ортаны қорғауға арналған ертегілер тыңдап, сауалнама түріндегі ойындарға қатысты. Қысы ұзақ солтүстік өңірде, жер әлі толық жібіп, қар түгел еріп үлгерген жоқ. Сондықтан ағаш егу мен, бұлақ көзін ашуға әзірге ерте. Осыған байланысты табиғатты қорғауға бағытталған барлық шаралар сабақ ретінде өтіп жатыр.
Ақмарал Сержан, балалар оқу орталығының қызметкері:
- Бүгін бізде «Табиғат - баға жетпес байлық» экологиялық сабағы өтеді. Балаларымыз мұнда табиғатты қалай қорғау керек екендігін, қоршаған орта қаншалықты маңызды екендігін үйрететін шығармашылық сабақ. Сабағымызда балалар қызықты ойын ойнайды және экологияда болып жатқан түрлі мәселелерді қарастырады.
Тегтер #Таза Қазақстан #Павлодар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz