RU
Толық нұсқаға өту

Экологтар Каспий теңізін зерттеп жатыр

30.03.2026, 21:40 44

Атыраулық экологтар Каспий теңізінің экологиялық жағдайын зерттеуді бастады.

24 наурыз күні қалада топырақ аралас жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге  салған болатын. Бұған дейін бір апта бойы тұз аралас шаңды дауыл соғып, қаланы тұман басқан еді. Мамандар бұл құбылысты Каспий теңізі деңгейінің төмендеуімен байланыстырады. Соңғы 10 жылда теңіз жағалаудан 15-25 шақырымға дейін шегініп кеткен. Экологиялық ахуалды бағалау үшін арнайы топ құрылып, теңіз акваториясына әуеден бақылау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде шаңды дауылдың өсімдік өспейтін тұзды аумақтардан көтерілетіні анықталды. Қала маңынан осындай 4 нүкте табылған. Алдағы уақытта бұл аумақтарға сексеуіл отырғызу жоспарланып отыр.

Ерлан Есенов, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

- Қаладағы топырақпен ұқсайды. Бірақ сынамалардың қорытындысы шықпай ештеңе айта алмаймын. Қазгидромет өкілдерімен тығыз жұмыс істеудеміз. Жуырда жауған лай жаңбырдың да нәтижесі шығуы керек. Ал бүгін топырақтан алған сынаманы зертханаға жібердік. 

Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

- Егерде осы жердегі топырақтың құрамы қаладағы шаңның құрамымен сәйкес келетін болса, бұл біздің ойымызды дәлелдейтін болады. Содан кейін нақты шаралар қабылдауға мүмкіндік бар. Мұнда бірнеше каналдар жүріп жатыр. Сондықтан бұл жердегі өсімдіктерді суаратындай мүмкіндік болады және ылғалдату технологиясы да бар. Яғни топырақты ұстау үшін ылғалдату техникасын да қарап жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz