Түркістан облысының Сарыағаш қаласында студенттер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты.
Жастар аллеясында өткен шарада табиғат жанашыралары мен белсенді жастар саябақ аумағына көшет екті. Ағаштардың түбін әктеп, айналасын көгалдандырды. Қыстан қалған күл-қоқысты шығарып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Табиғатты қорғау – бүгінгі буынның маңызды міндеттерінің бірі екені тағы бір мәрте атап өтілді. Сонымен қатар мұндай шаралар қоғамдағы ортақ жауапкершілікті нығайтып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыра түспек.
Ермұхаммед Аскиров, студент:
- Бұл жерге келетін қонақтар мен басқа адамдардың жайлылығы үшін, тазалығы үшін Қазақстанымыздың көркі үшін өтіп жатқан акцияға жастар ресурстық орталығымен бірлесіп келіп отырмыз.
Сымбат Сүлеймен, аудандық жастар ресурстық орталығының мүшесі:
- Бұл жасыл аймақ дамыса, осы қаламыздың өкпесі де ашылады деген ойдамын. Бүгінгі шарада егілген әрбір тал болашақ ұрпағымызға аманат деп білемін. Жалпы қаламыздың тұрғындарын, ауданымызды тазалыққа, қоршаған ортаны аялауға шақырамын.
Тегтер #Сарыағаш #Таза Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz