RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте экологиялық акция өтті

03.04.2026, 19:51 29

Шымкентте «ReStart» жобасы аясында алғашқы көшпелі экоакция өтті. Қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері Бадам су қоймасының жағалауына жиналып, аумақты күл-қоқыстан тазалады. 

Табиғат жанашырлары қайта пайдалануға жарайтын пластик, бөтелке, қаңылтыр сияқты түрлерін бөлек сұрыптап, өңдеуге жөнелтті. Мұндай шаралар қаланың көркін кіргізіп қана қоймай жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүріп жатқан «ReStart» жобасы – экологиялық болашаққа бағытталған бірегей бастама», - дейді ұйымдастырушылар. Шара аясында 23 университет арасындағы ең экологиялық белсенді оқу орны анықталады. Бұл үшін студенттер барынша көп пластик ыдыс жинауы тиіс. Үздіктерге қалдықтарды қайта өңдеуге арналған қондырғы мен қаржы табысталады.

Бекболат Қалыбеков, қалалық Жастар саясаты бөлімінің басшысы:

- «Таза Қазақстан» жобасының аясында қазір бүкіл өңірде экосенбілік өтіп жатыр. Бүгін жүзге жуық жастарымыз ерікті волонтерлер қатысып, еліміздің тазалығын сақтауға атсалысып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz