RU
Толық нұсқаға өту

Экосаммит: аймақ үшін жаңа шешімдер

16.04.2026, 22:40 34

Экоссаммит аясында Су жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы ұсыныс білдірілді. Мұндай бастаманы Қазақстан тарапы көтеріп отыр.

Кеңесте Азия аймағының климаттық жағдайын жақсарту жолы және жасыл энергетика мәселелерін реттеу тетіктері талқыланады. Орталық Азия климаттық қоры Жобалық офисінің басшысы Ерлік Қаражан осылай дейді. Бас қосудың басты міндеті – өңір елдері арасындағы қатынасқа қарқын қосу, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен тұрақты диалог орнату.

Ерлік Қаражан, Орталық Азия Климаттық қоры жобалық офисінің басшысы:

- Ең үлкен мәселе – Орталық Азияның жер шарындағы оқшауланған аймақ емес екенін көрсету. Бұл – климаттық өзгерістердің ең күрделі салдары сезілетін үлкен әрі маңызды өңір. Қазір мұздықтар еріп жатыр, климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайлар саны артып келеді. Бізде аномалды ыстық та, суық та бар, су тапшылығы бар, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де өте күрделі. Ең басты сұрақ – осының бәрімен  қалай күресеміз? Біз саммит қорытындысында нақты жоспарлар жасалып, қаржы қайда және қалай бағытталатыны, қандай жобалар жүзеге асатыны айқындалады деп үміттенеміз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz