RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында 800 киіктің өлексесі табылды

20.04.2026, 20:30 52

Атырау облысының Құрманғазы ауданында киіктер қырылып жатыр.

Осыдан 10 күн бұрын тұрғындар жазық далада жайрап жатқан 600-ге тарта ақбөкеннің өлексесін тауып, дабыл қаққан. Жануарлардың өліміне кененің көбеюі себеп. Енді зиянкес жәндік төрт-түлікке жабысса, шығынға ұшыраймыз ба деп алаңдайды шаруалар. Бірақ мамандар мұнымен келіспей отыр. Олардың пайымынша, былтыр туған лақтардың қыстан арып шығуынан және күзгі шағылыстан кейін әлсіреген текелердің табиғи күйімен байланысты. Инспекторлардың мониторингі нәтижесінде облыс аумағында шамамен 15 мыңға жуық киік шоғырланғаны анықталды. Күні бүгінге дейін 800-ден астам өлексе жиналып жойылды.

Әлім Тәменов, Сүйіндік ауылының тұрғыны:

- Киік деген жайрап жатыр. Қорада өзімізге кене шабады. Шешініп, жуынып кіреміз. Теке қырылып қалды ғой, енді. Қыс қатты болды. Мал да қырылды, жылқы да қырылды. 1985 жылдан бері болмаған қыс екен, үлкендердің айтуынша. Мүмкіндік жоқ.

Алмас Тапалов, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалы басшысының орынбасары:

- Биыл жыл қатты болды. Көп киігіміз Ресейге «Волга» өзенімен Астрахань облысына өтті. Сол себепті Атырау облысында факт көп тіркеліп жатыр. 13 сәуір күні соңғы 623 бас. Бүгінгі таңда жұмыстар жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz