RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысушы делегация басшыларын қарсы алды

22.04.2026, 13:00 28

Астанада Өңірлік экологиялық саммит басталды.

Жаһан назарын аударған айтулы шараға қатысушы делегация басшыларын ЕХРО көрме орталығында Мемлекет басшысы қарсы алды. Біріккен Ұлттар ұйымы және өзге де халықаралық ұйымдармен бірлесе ұйымдастырылған осы диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау. Саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия секілді бірқатар елдің Президенттері, сондай-ақ Біріккен Ұлттар ұйымы Бас хатшысының орынбасары және ұйымның Қоршаған орта бағдарламасының директоры мен Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz