RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында 52 млн көшет егілді

22.04.2026, 23:39 27

Алматы облысы Кеген ауданында орман шаруашылығы мамандары тұқымбақта өсірілген Шренк шыршаларын тау бөктеріне егіп жатыр.  

Жас көшеттер табиғи ортаға тез бейімделуі үшін кезең-кезеңімен егіледі. Бүгінде  264 гектар  аумаққа бір миллионнан астам қылқан жапырақты мен 118 мың түп басқа да ағаш көшеттері егілді. Жалпы облыста  биыл 52 миллион көшет егіліп, орман қоры толықтырылады. Өңірде ормандарды қалпына келтіруге бағытталған кешенді жоспар бар. Мамандардың айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар топырақты бекітіп, жердің тозуын азайтуға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.

Айболат Солтанғазиев, Кеген орман шаруашылығының директоры:

- Біздің негізгі мақсатымыз орманды қорғау, молықтыру, өсіру. 2025 жылы 20 гектар жерге 120 мың көшет тау бөктеріне егілген, биыл 100 мыңдай көшет 15 гектар жерге тау бөктеріне егіліп жатыр. Біздің өзіміздің тұрақты тұқымбақта және базовый тұқымбақта көшеттер артығымен дайын деп айтсақ болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz