RU
Толық нұсқаға өту

Биыл Жетісу облысы Кербұлақ ауданында бес мыңға жуық көшет егілді

23.04.2026, 00:00 27

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында көктем шыққалы бес мыңға жуық ағаш көшеті егілді.

Жыл соңына дейін оның саны 13 мыңға жуықтамақ. Ауылдардағы саябақтар мен елді мекендер маңына егіліп жатқан жас көшеттерді көркейту жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен әртүрлі ұжымдар және өзге де сала мамандары атсалысуда. Әкімшілік қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында енді «Жасыл белдеу» жобасын жүзеге асырмақ. Сол арқылы жері шөлейтті болып келетін Сарыөзек кентінің айналасын орманды алқапқа айналдыру көзделіп отыр. 

Ғалым Қасенов, аудандық ветеринариялық станция директоры:

- Биылғы жылы 115 ағаш отырғыздық осы аллеяға. Қара топырағымызды әкеліп түсіріп берген. Қоғалы ауылдық округінен әкеліп. Сол қара топырағымен егіп жатырмыз. Өйткені бұл жердің топырағы кішкене шөлейтке келеді. Минералы төмендеу.

Дәурен Жолжанов, Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары:

- Біздің ауданның климаты құрғақ болып келеді. Сондықтан аймақты абаттандыру біз үшін өте маңызды. Алдағы уақытта көшеттер егумен қатар ағаш тұқымдарын да себетін боламыз. Бұл жұмыстар өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz