RU
Толық нұсқаға өту

Су ресурстарын тиімді басқару мәселесі талқыланды

24.04.2026, 15:12 36

Соңғы екі жылда Қазақстаннның су шаруашылығына 1,5 миллиард доллар инвестиция тартылған.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов хабарлады. Өңірлік экологиялық саммит аясында өткен тақырыптық сессияда министрлік Халықаралық су ресурстарын басқару институтымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Келісім су ресурстары саласында бірлескен жобаларды іске асыруды, сондай-ақ зерттеу, мониторинг жүргізу және жерүсті, жерасты суларын, оның ішінде трансшекаралық су ресурстарын басқару бағытында тәжірибе алмасуды көздейді. Ведомство су ресурстарын тиімді пайдалуға бағытталған шаралар кешінін жалғастырмақ. Министрдің айтуынша, бұл бағытта халықаралық тәжірибе алмасуға ерекше мән беріледі.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Біздің министрлік тарапынан біз үш келісімшартқа қол қойдық. Ең бірінші Словакия мемлекетінің Премьер-мнистрінің орынбасарымен қойдық. Сол мемлекетте су қоймалардың қауіпсіздігіні қамтамасыз ету мәселесі жақсы қолға алынған. Одан бөлек су тасқынын болжамдау мәселесі де, сол жөнінде біздің тиісті мекемелеріміз жұмыс істейді. Қазір ғана біз Халықаралық су саласының проблематикасы жөнінде институтпен келісім-шартқа қол қойдық. Біздің мақсатымыз ғылыми негізде бар проблемаларды шешу және оны іске асыру мәселесі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz