RU
Толық нұсқаға өту

Жетісуда «Жасыл желек» акциясы аясында 8,5 мың көшет егілді

25.04.2026, 18:30 33

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына телекөпір арқылы Жетісу жұртшылығы да атсалысты.

Аудан-қалалалардың аумағын абаттандыруға 15 мыңнан аса адам жұмылдырылып, 8,5 мыңнан астам көшет егілді. Қар көбесі сөгілгелі өңірде осындай 30-дан астам іс шара ұйымдастырылып, сенбіліктер өткізілді.

«Жасыл желек» акциясы жеті өзенді бейнелеп аймақтың табиғи, тарихи ерекшелігін айшықтайтын монумент маңында өтті. Мемлекет басшысының сөзін тыңдаған соң көпшілік 200-ден астам көшет егіп аумақты абаттандырды. 

Нұрай Қожакенова, волонтер:

- Осы акцияға қатысу арқылы жастарға болашақ ұрпаққа бізде қоғамға және экологиялық мәселеге үлес қоса алатынымызды көрсеткіміз келеді. Оларға үлгі болғымыз келеді. 

Нұрайлым Тасболат, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті:

- Біз әртүрлі «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, қаланың гүлденуіне өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл біз үшін тек ағаш егу емес, өзіміз ұйыммен келіп отырғандықтан біздің студенттік шақтағы естеліктің бірі болып қалады деп ойлаймын. 

Биыл Талдықорғанда «Наурызнама», «Тазалық күні», «Жеті өзен» сынды 11 экологиялық акция өткен. Сонымен қатар саябақтардағы суару жүйелері жаңартылды. 

Ернат Бәзіл, Талдықорған қаласының әкімі:

- Бүгінгі таңда біз екі мың көшетті егіп бітірдік. Бүгінгі іс-шарада біз 200 көшет егіп жатырмыз. Сонымен жоспарымыз екі мың болған. 2200 ектік. Қалған 11 мыңды біз күзде жоспар бойынша егіп шығамыз. 

Көктем шыққалы аймақта 60 мыңға жуық тал-шыбық егілген. Сала жауаптылары жыл соңына дейін тағы осынша көлемде көшет отырғызуды жоспарлап отыр.  

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев, Жеңіс Әбдрешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz