RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ су тапшылығының алдын алады

12.05.2026, 09:12 37

Жасанды интеллект су тапшылығының алдын алуға жәрдемдеседі.

Елде су саласын цифрландыру жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 23 мыңнан астам нысан цифрландырылды. Оның ішінде 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 109 гидротехникалық құрылыс бар. Жасанды интеллектіге негізделген жүйе су ресурсының жай-күйін талдап, тиімді шешім қабылдауға жол ашады. Яғни су ағыны мен қорын болжау, қуаңшылық пен тасқын сценарийін модельдеу, су ресурсын бөлу және суару жүйесінің әсерін арттыру бойынша ұтымды тәсілдерді ұсынады. "Бұл ел үшін өте маңызды жоба" дейді мамандар. Себебі климаттың өзгеруі таяу уақытта экономиканың барлық саласына тікелей ықпал етеді. 

Рамазан Әбдікәрімов, ҚР СРИМ Цифрландыру департаменті басқармасының сарапшысы:

- Қазіргі уақытта біздің ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі су тұтыну көлемдерін уақытылы болжауға арналған цифрлық платформа. Яғни оның ішінде бізде климаттық, гидрологиялық әрі агротехникалық факторларды ескере отырып, су ресурстарын салалар мен өңірлер арасында тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйеде суармалы жерлердің шекаралары анықталып, қашықтықтан зондтау негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарын анықтаудың дәлдігі арттырылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz