RU
Толық нұсқаға өту

Зеренді ауданында табиғат жанашырлары 100 түп ағаш екті

13.05.2026, 22:00 31

Ақмола облысының Зеренді ауданында табиғат жанашырлары 100 түп ағаш екті.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясына 300-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында ауыл тұрғындары, волонтерлер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Жалпы, аудан халқы тазалық шараларына белсенді атсалысады. Жыл басынан бері ауданда 100-ден астам сенбілік ұйымдастырылды. 5 мың түп көшет егіліп, 300 тоннадай қоқыс шығарылды. Туристік әлеуеті зор ауданды абаттандыру және көгалдандыру жұмысы алда да жалғасады.

Серік Баймурзин, ауыл тұрғыны:

- Сәуір айынан бастап қар ерісімен осындай шараларға әрқашанда қатысудамыз. Осындай істерді кейінгі өскелең ұрпақтарға үлгі өнеге болса екен деп тілейміз. Сондықтан қазіргі тәлім-тәрбие осы отбасынан басталды. Сондықтан ауламыздың таза, көшеміздің таза, табиғатымыздың таза, суымыздың мөлдір болуы және қоқыстарды шашпауға ел тұрғындары арасында жұмыла істер атқарудамыз.

Дидар Хамзин, волонтёрлерді қолдау орталығының жетекшісі:

- Волонтерлер үшін мұндай акциялар өте маңызды болып табылады. Өйткені өздерінің туған өлкелеріндегі патриоттық сезімді арттыру жұмыстары бойынша, өздерінің өлкелеріндегі тазалықты жүргізеді. Мұндай акцияда облыс бойынша барлық өңірлер белсенді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz