Ақсу ферроқорытпа зауытына 207 миллион теңге айыппұл салынды.
Кәсіпорын былтыр жарты жыл бойы экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген. Яғни зауытқа қарасты жылыту қазандығынан ауаға тарайтын зиянды қалдықтарға лимит белгіленбегені анықталды. Жалпы экология департаменті аймақтағы өндіріс орындарына жүргізген тексерулері кезінде 31 экологиялық заңбұзушылық тіркеді. Жалпы сомасы 225 миллион теңгеден асатын 15 әкімшілік айыппұл салынды.
Әсет Сыздықов, экология департаменті басшысының орынбасары:
- Былтыр бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша табиғат қорғау прокуратурасының шешімімен кәсіпорынға 854 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Кәсіпорын тексеру қорытындылары мен салынған әкімшілік айыппұлға заң аясында шағым түсіре алады.
Тегтер #Павлодар облысы #заң бұзушылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz