RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін ірі зауыт салынады

21.05.2026, 15:09 25

Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеп, электр энергиясын өндіретін ірі зауыт салынады.

Жоба Алматы қаласында жүзеге асады. Құрылыс жұмыстары таяуда басталмақ. Бұл жайында Премьер-министр Олжас Бектенов пен қытайлық Hunan Junxin Environmental Protection компаниясының басшысы Дай Даогомен кездесуде барысында айтылды. Жобаның жалпы құны - 145,5 млрд теңге. Зауыт тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қоқыс өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Нысанды екі жыл ішінде іске қосу жоспарланып отыр. Үкімет бұл жобаның экология үшін маңызы зор екенін атап өтуде. Зауыт іске қосылғаннан кейін жыл сайын атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газы шамамен 200 мың тоннаға азаяды. Сондай-ақ қоқыс полигондарына түсетін жүктеме төмендемек. Құрылыс кезінде 700-ге жуық уақытша жұмыс орны ашылады. Ал зауыт толық іске қосылған соң 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жоба аясында «жасыл» энергия өндіру, жылумен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу және жергілікті мамандарды даярлау бағыттары да қамтылады. Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдарға жобаны уақытылы іске асыруды бақылауда ұстауды тапсырды. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Мемлекет тарапынан, Үкімет тарапынан бүкіл дайындық іс-шаралы тындырылды. Бүгін кездесу өтті. Ешқандай кедергі жоқ. 

Дай Даого, HUNAN JUNXIN ENVIRONMENTAL PROTECTION CO. LTD компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

- Зауыт құрылысының аяқталуы Алматыдағы қолданыстағы қоқыс полигондары мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бүкіл қаладағы экологиялық жағдайды едәуір жақсартады. Біз іргетас қалау рәсімі мен құрылыс жұмыстарының басталуын 29 мамырға жоспарлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz