RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Демалыс күндері ауа райы құбылады: жаңбыр қарға ұласуы мүмкін

22.05.2026, 17:26 67

Синоптиктер 23–25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «24KZ».

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ал шығыс өңірлерде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр мен қар) сақталады.

23 мамыр күні Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. 24–25 мамырда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Республиканың қалған аумақтарында көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыста, шығыста және орталық өңірлерде түнде 1–3 градус үсік жүреді.

Қазақстан бойынша күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

батыста +28…+35°С дейін,

солтүстікте және орталықта +20…+32°С дейін,

шығыста +17…+25°С дейін,

оңтүстікте +22…+35°С дейін,

оңтүстік-шығыста +20…+28°С дейін көтеріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz