RU
Толық нұсқаға өту

Ресей Қазақстанға төрт Амур жолбарысын сыйға тартты

28.05.2026, 16:42 24

Ресей Қазақстанға төрт Амур жолбарысын тарту етті.

Осылайша еліміз жыртқыштарды табиғи мекеніне қайта бейімдеген алғашқы ел болады. Владимир Путин «Еgemen Qazaqstan» газетіне жарияланған мақаласында Хабаровск өлкесінде екі жолбарыс және оның екі шөнжігі арнайы ауланып, Қазақстанға жеткізілгенін жазған болатын. Қазір қос елдің ғалымдары Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығында жануарларды жергілікті жерге бейімдеу үшін бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Резерваттың жалпы аумағы миллион екі жүз мың гектарды құрайды. Мұнда жыртқыштың қорек базасын қалыптастыру үшін 100 ден аса құлан әкелініп, 200-ге тарта бұхар бұғысы жіберілген. Сондай-ақ жабайы қабан мен қарақұйрық саны көбейген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz