Атырау облысында «Бекіре-2026» акциясы кезінде заңсыз айналымдағы 8 тоннадан астам балық тәркіленді.
Оның 1 тоннасы бағалы бекіре балығы. Жайық, Қиғаш өзендері мен Каспий теңізіндегі балық қорын қорғауға арналған іс-шара екі айдан бері жүріп жатыр. Оған Атырау, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарындағы күштік құрылымдар мен шекара қызметі жұмылдырылды. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға қатысты мыңнан астам дерек анықталды. 878 адам браконьерлік бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардан 130 ау-құралы мен 100 ден астам қайық тәркіленді.
Рүстембек Қорқытов, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы:
- Сондай-ақ браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау фактілері бойынша 33 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 24 млн теңге айыппұл салынды.
Тегтер #Атырау облысы #заңсыз айналым #бекіре #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz