Әсіресе жаңбырдан кейін көшеде жүру мүмкін емес, дейді тұрғындар.
Әлеуметтік желіде де жұрт жаппай шағымданып жатыр. Биыл көктемде жауын-шашын мол болды. Ағаш-талдың гүлдеуі сол еді, шыбын-шіркей тез көбейді. Қала әкімдігі биыл ұсақ жәндіктерге қарсы өңдеу шаралары жоспарланған жоқ дейді. Ал қоршаған ортаны зерттеп жүрген мамандар химиялық өңдеуге асықпаған жөн деп отыр. Шыбын-шіркейдің осылай көбейетін мерзімі, әрі кеткенде 2-3 аптаға созылады. Күн қатты ысыған кезде жойылып кетеді. Әзірге сақтық шараларын ескеріп, қорғаныш құралдарын пайдаланған жөн деп кеңес береді.
Салтанат Унбаева, биолог:
- Біздің Маңғыстаудың климаты өзгеріп жатыр. Бұл жерде жылы температура және ылғалдылық. Оларды антропогенді фактор, яғни химиялық жолмен жоюдың қажеті жоқ. Неліктен десеңіз, олар құстар мен үлкен жәндіктерге қорек көзі болып табылады. Кешке қарай терезені жауып қойсаңыздар жеткілікті.
Тегтер #Ақтау #шыбын шіркей #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz