RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда ауасы ең ластанған қалалардың тізімі жарияланды

03.06.2026, 18:04 49

Қарағанды мен Петропавл сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауасы ең ластанған қалаларға айналды, деп хабарлайды «24KZ».

Қазгидрометтің мәліметінше,  Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Павлодар және Теміртауды қоса алғанда тағы 13 қалада ауаның ластану деңгейі жоғары. 

2026 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша, елді мекендердің 36-ы атмосфералық ауа ластануының төмен деңгейіне, 17-сі жоғарылау деңгейге, 13-і жоғары деңгейге, ал 2 елді мекен өте жоғары деңгейге жатқызылған.

Тұрақты бекеттер мен жылжымалы зертханалар арқылы атмосфералық ауаның ластану деңгейі негізгі және арнайы заттар бойынша анықталады. Олардың қатарында PM2.5 және PM10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртек тотығы, азот диоксиді, озон, күкіртсутек, сондай-ақ, ауыр металдар бар.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz