RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» аясында экологиялық плоггинг сайысы өтті

12.06.2026, 20:50 51

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында дәстүрлі «JASYL CROSS 2026» экологиялық плоггинг сайысы өтті.

Шараға 50 команда құрамында 500-ден астам адам қатысып, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты. Биылғы экологиялық жарыс облыс орталығына жақын орналасқан Бауырластар елді мекені маңында ұйымдастырылды. Бұл аумақтың таңдалуына тұрғындардың аталған жерді заңсыз қоқыс төгетін орынға айналдыруы себеп болған. Қатысушылар бір сағат ішінде аумақты қоқыстан тазартып, нәтижесінде 1300 қапшық тұрмыстық қалдық жинады. Жиналған қалдықтардың барлығы арнайы полигонға жеткізілді.

Нұржан Шаңғытбаев, облыстық JASYL EL штабының төрағасы:

- Биылғының бір ерекшелігі - бұл жерде қазір мемлекеттік қызметшілер қатысып жатыр және депутаттарымыз бар, жастар ұйымдары, белсенді біздің волонтерлеріміз және де үкіметтік емес ұйымдар атсалысып жатыр. Көбіне "Жасыл елдің" еңбекқор жастары. 20 команда шығарып осы жердің тазалығына атсалысып жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz